Елдегі әрбір төртінші қылмыстық іс алаяқтыққа қатысты

948

Алаяқтық саны бір жыл ішінде 39%-ға өсті.

Елдегі әрбір төртінші қылмыстық іс алаяқтыққа қатысты

2021 жылдың қаңтар-қыркүйегінде елімізде "алаяқтық" бабы бойынша 31,9 мың құқық бұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 39%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Салыстыру үшін: 2020 жылдың осы кезеңінде мұндай істер саны 4,4%-ға азайып, 23 мың алаяқтық фактісі тіркелді.

Биылғы жылы барлық істердің жартысынан көбі интернет-алаяқтық болды: 52% немесе 16,6 мың құқық бұзушылық. Сонымен қатар елімізде төлем карталарын қолдану арқылы алаяқтық жасау саласында 266 қылмыстық құқық бұзушылық, қарызға ақша алу арқылы 108 құқық бұзушылық, несие беру бойынша 31 құқық бұзушылық, жер құқықтық қатынастары саласында және жылжымайтын мүлікке қатысты 6 құқық бұзушылық тіркелді.

Жыл басынан бері барлығы 125,2 мың қылмыстық құқық бұзушылық анықталса, оның ішінде "алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық 25,5%-ды құрады.

Өңірлер бойынша бұл саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың көп бөлігі Алматыда тіркелді: 6,4 мың іс, бір жылда 38%-ға артты. Бұл үштікке Нұр-Сұлтан (5,2 мың қылмыс, +79,3%) және Шымкент (2,9 мың құқық бұзушылық, +20,5%) кіреді.

Қызылорда облысында "алаяқтық" бабы бойынша ең аз құқық бұзушылық тіркелді: 577 жағдай, жылына +22%. Елдің барлық 17 аймағының ішінде, тек Шығыс Қазақстан облысында, айтарлықтай болмаса да, салада тіркелген құқық бұзушылықтар саны төмендеді: 0,2%-ға 1,8 мың жағдайға дейін.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу