Қарыз көлемі 40 миллиард теңгеден көп, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов бірқатар сұраққа жауап беріп, Қазақстандағы банкроттар тізіміндегі ең үлкен қарыздың соммасын айтты.
"Қарыз сомасы бойынша шектеулер жоқ. Бізде орташа сома бірнеше мың теңгеден 2 миллиард теңгеге дейін жетеді, бұл – ең үлкен сома", – деді ол.
БАҚ өкілдері "аталған 40,9 миллиардқа заңға бағынатын қарыз алушылар да пайыз түрінде жата ма?" деп сұрады.
"Менің ойымша, барлық қаржы ұйымы несие беру кезінде белгілі бір тәуекелдерге барады. Олар қаржы ұйымдарымен жабылады және бұл халыққа ешқандай әсер бермейді", – деп сөзін жалғады ол.