Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аккушер дəрігерлер де тұтас біліктілік сынағынан өткізілетінін мәлімдеді. Оған босану кезінде жиілеп кеткен аналардың өлімі себеп.
Премьер-министрді осы мәселе алаңдатып отыр. Бақытжан Сағынтаев тіпті тексеруге тəуелсіз шетелдік сарапшыларды да тартуды тапсырды.
Айта кетейін, соңғы екі айда бір Астана қаласының өзінде 4 әйел перзентханада көз жұмды. Қазір соңғы жағдайға қатысты қызметтік тексеру жүруде. Егер дəрігердің қателігі анықталса, онда қатаң жазаға тартылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу