Елдегі бензин бағасы өзгере ме? – министрлік пікірі

498

Энергетика министрлігі қазақстандық бензин қымбаттамайды деп сендіріп отыр. 

Елдегі бензин бағасы өзгере ме? – министрлік пікірі Фото: inbusiness.kz

Ішкі нарықта бензин дефициті күтілмейді. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Тілшілер спикерден елімізде АИ-92 мен АИ-95 бензин маркаларының бағасы өзгере ме деп сұрады.

"АИ-92 бензинінің бағасын өзгертуді жоспарлап отырған жоқпыз. Бұл АИ-95 бензиніне де қатысты. Егер жалпы бензин туралы айтатын болсақ, онда АИ-92 бензинінің бағасы мемлекетпен реттеледі. Бүгінде оның шекті бағасы литрі үшін 205 теңге. АИ-95 бағасы нарықпен реттеледі. Нарықтағы ойыншылар өздігінен баға қоюға құқылы. Бірақ мұнда ескерер бір жайт бар. Бұл тауардың өзіндік құны. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қарайтын бағаларды белгілеу ережелеріне сәйкес, ол сатып алу құнына негізделеді.

Егер біз отандық бензин туралы айтатын болсақ, онда бұл өзіндік құн, ол белгілі. Яғни бұл жергілікті "ҚазМұнайГаз", "PETROSUN"  компаниялары және олардың еншілес ұйымдары, сондай-ақ нарықтағы басқа ойыншылар сататын баға. Егер ресейлік бензин туралы айтсақ, мұнда ресейлік бензинді Қазақстанға тасымалдау құнын ескеру қажет. Сондықтан мұнда келісім-шарт жасалған күнге қарап, еліміздегі тиісті салықтар мен алымдарды қосу керек", - деп атап өтті вице-министр.

Ол қазақстандық бензинді қымбаттату мәселесі тұрмағанын атап өтті.

"Энергетика министрлігі бұл бағаның қазіргі баға шегінде қалуы үшін шараларды қабылдайды", - деді Ерлан Ақкенженов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу