Елдегі білім беру ошақтары түгелдей тексеріледі

963

Елдегі білім беру ошақтары түгелдей тексеріледі, деп хабарлайды Atameken Business.

Елдегі білім беру ошақтары түгелдей тексеріледі

Бұл жолы білім мен біліктілік емес, мекеменің өрт қауіпсіздігі сынға алынбақ. Салаға жауапты министр Асхат Аймағамбетовтың пәрмені осы. Шұғыл шараға соңғы уақытта  жиілеген өрт оқиғалары түрткі болған.

Мәселен, бүгін Павлодар қаласында тағы бір мектеп отқа оранды. Бұл соңғы бір аптада өңірде тіркелген екінші жағдай. Бір қызығы, екі мекеме де былтыр ғана "Заманауи мектеп" жобасы арқылы күрделі жөндеуден өткен. Оған қазынадан 4 млрд 95 млн теңге жұмсалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу