Елдегі бөлшектік сауда қаңтар-қазан айларында 5,5%-ға өсті

1695

Сауда жасаушы кәсіпорындардың тауарларды бөлшектік өткізуі 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға өскен.    

Елдегі бөлшектік сауда қаңтар-қазан айларында 5,5%-ға өсті

2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, биылғы жылғы қаңтар-қазанындағы бөлшектік сауда көлемі 5,5%-ға артып, 8,996 трлн теңге болған, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің статстика комиеті.  

Сауда жасаушы кәсіпорындардың тауарларды бөлшектік өткізуі 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға өскен.   

1 қарашада сауда жасаушы кәсіпорындардың бөлшектік саудадағы  тауар  қоры 643,4 млрд теңге болған, ал сауда күні 57 күн.         

Бөлшектік саудадағы азық-түлік тауарлары үлесі 32,7%, азық-түлік емес тауарлар  – 67,3%.  2018 жылдың қаңтар-қазанындағымен салыстырғанда сатылған азық-түлік тауарларының көлемі 6,4%-ға,  азық-түлік емес тауарлар – 5,1%-ға артқан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу