Елдегі дизель қоры қанша күнге жетеді? – министр жауабы

109

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов елдегі дизель отыны мен жанармай қоры қанша күнге жететінін айтты.  

Елдегі дизель қоры қанша күнге жетеді? – министр жауабы Фото: kun.uz

Сала басшысы бұл туралы Мәжіліс кулуарларында сөз қозғады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеуден алынып тасталды. Енді олардың құны ішкі сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады

– Жанармай қоры 42 күннен асады, сондықтан бағаның өсуіне себеп жоқ деп ойлаймын. Ал дизель отынының қоры шамамен 28 күнге жетеді. Дизель отыны жетіспейді деген алаңдаушылық жоқ. Біз аграрларды бірінші кезекте қамтамасыз етеміз. Министрлік барлық қажетті көлемді кепілдендіреді. Егіс науқанына байланысты алаңдауға негіз жоқ, – деді министр Ерлан Ақкенженов.

Ол министрлік жағдайды бақылауда ұстап отырғанын және ішкі нарықты үздіксіз отынмен қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу