Елдегі екі банктің депозиттер бойынша қызметі 3 айға тоқтатылды

1236

Елдегі екі банктің депозиттер бойынша қызметі 3 айға тоқтатылды

ҚР Ұлттық банкінің басқармасы 2016 жылғы 28 қазандағы № 246 қаулысымен 1 қарашадан бастап "Қазинвестбанк" АҚ-ның және "Дельта Банк" АҚ-ның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға арналған лицензияларының қолданылуын 3 ай мерзімге тоқтата тұрды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.

Ұлттық банктің аталмыш шешімді екі банктің банк туралы заңнама жекелеген талаптарының бұзылуын қадағалауға ден қойып және ішкі бақылау жүйелерін жақсарту қажеттілігі шеңберінде қабылдаған. "Лицензиялар жеке тұлғалардың жаңа депозиттерін тартуға және жаңа банк шоттарын ашуға тоқтатыла тұрды және банктердің қолданыстағы депозиттеріне және қазіргі клиенттеріне қызмет көрсетуге, сондай-ақ заңды тұлғалардың депозиттерін тартуға қатысты қолданылмайды", делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша "Қазинвестбанк" АҚ-ның жеке тұлғалардың қабылдаған депозиттерінің көлемі 16,4 млрд теңге немесе жеке тұлғалардың депозиттерінің жиынтық көлемінен 2,3% және "Дельта Банк" АҚ-ныкі 11,5 млрд теңге (2,3%) болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу