Елдегі екі мобильді оператор катарлық компанияға сатылды

Бұл шешім былтыр қабылданған еді. 

Елдегі екі мобильді оператор катарлық компанияға сатылды Фото: Уральская неделя

Сол уақытта-ақ мәміле құны 1 миллиард доллар болуы мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, "Қазателеком" Tele2 және Altel ұялы байланыс операторларына иелік ететін "Мобайл Телеком-Сервис" компаниясын катарлық Power International Holdig (PIH) компаниясына сату бойынша мәмілені аяқтады.

Бұл туралы байланыс операторы Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хабарлама жіберген соң белгілі болды. 

– Осымен "Қазақтелеком" АҚ 2025.14.01 PIH Communication LLC пайдасына "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесін сату бойынша мәміле аяқталғанын хабарлайды, – деп жазылған "Қазақтелекомның" хабармаласында. 

Жалпы, "Мобайл Телеком-Сервис" операторы Tele2 және Altel атты брендтері арқылы танымал. Қазақстандық ұялы байланыс операторларын сатып алған катарлық компания "бұл сатып алу аймақтағы телекоммуникациялық инфрақұрылымды әлдеқайда жақсартып, Қазақстанмен серіктестікті нығайтады" деп хабарлаған.  

Айта кетейік, 2024 жылдың күзінде "Қазақтелеком" басшысы Бағдат Мусин сату бойынша мәміле биылғы жылдың бірінші тоқсанында аяқталатынын жеткізген. Тиісінше, Цифрлық даму, инновация және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі Жаслан Мәдиев мәміле құны 1 млрд доллар болуы мүмкін екенін айтқан-ды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу