Елдегі элеваторлар 43 пайыз толып тұр

153

Жиналған астықтың қалған көлемі фермерлерде сақталып отыр.  

Елдегі элеваторлар 43 пайыз толып тұр Фото: Сақ.кз Ақпарат агенттігі

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов жиналған астықтың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы шараларға тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Қазіргі уақытта лицензияланған элеваторлар 43% жүктелді. Элеваторлардың тәулік бойы жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. Астық қабылдау кәсіпорындарына жаңа егіннен барлығы 7,2 млн тонна астық келіп түсті, оның 5,2 млн тоннасы – бидай. Жиналған астықтың қалған көлемі фермерлерде сақталуда. Нарыққа реттеушілік әсер ету мақсатында "Азық-түлік корпорациясы" фермерлерден астықты сатып алу шараларын қабылдауда", – деді вице-министр.

Биыл форвардтық келісімшарттар бойынша "Азық-түлік корпорациясы" 1,2 миллион тонна астық сатып алатын болады.

"Қазіргі уақытта 550 мың тонна немесе 46% астық сатып алынды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жаңа егіннің астығын тікелей сатып алу жүзеге асырылатын болады", – деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу