Елдегі ең қымбат отаның құны қанша екені айтылды

Елдегі ең қымбат отаның құны қанша екені айтылды  

Елдегі ең қымбат отаның құны қанша екені айтылды Фото: ProNorth Medical

Мұны медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан мәлімдеп отыр.

Өңірде былтыр науқастарға 709,7 миллион теңгеге 100-ден аса донорлық органдар салынған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Спикердің сөзінше, ота түрлеріне байланысты бағалары да басқаша. Ең қымбат отаның құны 77 миллион теңгеден асады.

– 2024 жылы Алматы қаласында тек кардиохирургиялық оталарға 18,6 миллиард теңге бағытталды. Барлығы 6805 ота жасалды, оның әрқайсысының орташа құны – 2,7 миллион теңге. Сонымен қатар, қалада 8 миллиард теңгеге 4521 нейрохирургиялық ота, 7 миллиард теңгеге жамбас және тізе буындарын ауыстыру бойынша 4593 ота жүргізілген. Сондай-ақ, нейро-қан тамыр және қан-тамыр жүйесіне жасалған 5 045 отаға Қор 6,7 миллиард теңге төледі. Жалпы құны 709,7 миллион теңгеге науқастарға 107 донорлық органдар (бауыр мен бүйрек) салынған, – деген статистикалық деректер келтірді Ілияс Мұхамеджан.

Елдегі ең қымбат (77,5 млн теңге) оталардың бірі – жүрекке қосымша қолдау көрсететін құрылғыны орнату. Одан соң жүректің митралды қақпақшасын алмастыру (17 млн теңге) және аллогенді гемопоэтикалық дің жасушаларын алмастыру (16,9 млн теңге) деп кете береді. Аталған ота түрінің барлығы МӘМС жүйесі арқылы қаржыландырылғанын айта кетейік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу