Елдегі инфляция 0,9 пайызға жетті: Ұялы байланыс қызметі 5 пайызға өскен

274

2024 жылғы қазанда айлық инфляция деңгейі үдей түсіп, 0,9%-ды құрады (ағымдағы жылғы қыркүйекте – 0,4%).

Елдегі инфляция 0,9 пайызға жетті: Ұялы байланыс қызметі 5 пайызға өскен Фото: ww.gov.kz

Ақылы қызметтердің бағасы – 1,4%-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 1%-ға, азық-түлік тауарлары 0,4%-ға жоғарылады.

Бұл жайында Ұлттық статбюродан хабарланды, деп жазады деп inbusiness.kz сайты. 

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер суық суға – 25%-ға, су бұруға – 5,3%-ға, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 1%-ға, электр энергиясына, ыстық суға 0,6%-дан жоғарылады. Теміржолмен жолаушылар қызметі – 13%-ға, ұялы байланыс қызметі 5%-ға қымбаттады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар ішінде қазан айында отын бағасы өсті – 4,7%, тас көмір – 1,1%. Тұрмыстық техника – 2,6%-ға, киім мен аяқ-киім – 0,9%-ға, құрылыс материалдары мен жеке пайдаланылатын тауарлар 0,4%-дан қымбаттады.

Азық-түліктен қияр бағасы 9,7%-ға, қызанақ – 8,6%-ға , лимон – 7%-ға, апельсин – 6,7%-ға, тұз – 6,5%-ға, жұмыртқа – 3,2%-ға, күнбағыс майы 2,4%-ға өсті. Бағаның төмендеуі сәбізге – 10%, жүзімге – 5,7%, алмаға – 3,4%, қызылшаға – 3,2%, пиязға – 2,8%, картопқа 2,1% байқалды.

Өңірлердің ішінде ең жоғары айлық инфляция Алматы қаласында – 1,7% (орташа республикалық деңгейден 0,8 п.т. жоғары), ең төменгі – Павлодар облысында және Астана қаласында 0,4%-дан тіркелді.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Алматы облысында – 0,8%-ға, азық-түлік емес тауарларына – Ұлытау, Абай облыстарында 1,7%-дан, ақылы қызметтерге – Алматы қаласында 3,6%-ға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу