Елдегі инфляция деңгейі HoReCa саласында номиналды жалақы өсімін тежеді

726

Бұл халықтың сатып алу қабілетіне кері әсер етуде. 

Елдегі инфляция деңгейі HoReCa саласында номиналды жалақы өсімін тежеді

2021 жылдың екінші тоқсанында HoReCa саласындағы жұмысшылардың орташа жалақысы 207 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,1%-ға көп деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Өсімге қарамастан, инфляцияға байланысты сатып алу қабілеті, керісінше, бір жыл ішінде 1,2%-ға төмендеді.

Салыстырар болсақ, 2020 жылдың сәйкес кезеңінде сектордағы жалақы 195,2 мың теңгеге жетті, бірден 27,2%-ға өсті. Аймақтар бойынша сектордағы ең жоғары жалақыны Атырау облысында (265,8 мың теңге), елордада (246,9 мың теңге) және Шымкентте (224,5 мың теңге) алады.

Орналастыру қызметі саласында жалақы орташа есеппен 230 мың теңгені құрады (жылына + 35,8%), тамақ және сусынмен қамтамасыз ету бойынша қызметтер сегментінде – 198,1 мың теңге (бірден 11,5%-ға төмендеді).

Биылғы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша HoReCa саласында 185,5 мың адам жұмыспен қамтылды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7,4%-ға аз.  Өткен "пандемия" жылында секторда жұмыспен қамтылғандар санының 2,1%, 200,3 мың адамға дейін төмендеуі байқалды.

Сала бойынша жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбінің (53,7%) орта кәсіптік білімі бар, тағы 31,8%-ы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, 14,5%-ының бастауыш, негізгі, орта жалпы немесе бастауыш кәсіптік білімі бар.

HoReCa саласында жұмыспен қамтылғандардың көбі Алматыда тұрады: 24,6 мың адам – бір жыл бұрынғыдан 5,4%-ға көп.  Жетекші үш аймаққа Алматы облысы (22,6 мың адам) мен елорда (21,7 мың адам) кіреді.

Қазақстанда үйлену тойлары мен мерейтойларға рұқсат етілгеннен кейін 600-ге жуық банкет залы жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды Хабар24. Бұл форматтағы мекемелер барлық қоғамдық тамақтандыру ұйымдарының 10%-ын құрайды. Қазір елдегі қоғамдық тамақтану саласы маман тапшылығын сезінуде. Егер бұрын бір мекемеде 10 даяшы болса, қазір олардың саны 3-тен аспайды. Кәсіпкерлер вакцинацияланбаған қызметкерлерді қалай жалдау керектігін білмейді. Әр апта сайын ПТР тапсыру қымбатқа түседі. Сондықтан олар сараптама құнын медициналық сақтандыру есебінен төлеуді сұрап отыр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу