Елдегі ірі кәсіпорындар Үкіметтен салықтық жеңілдік сұрады

1204

Атамекен ұлттық палатасының өкілі Жеңіс Жанболатова карантин алпауыт компанияларға да зиян келтіргенін мәлімдеді.  

Елдегі ірі кәсіпорындар Үкіметтен салықтық жеңілдік сұрады

Елдегі ірі кәсіпорын иелері салықтық жеңілдік сұрауда, деп хабарлайды Atameken Business.

Бүгінде Үкімет бірқатар бизнесті қолдау шараларын қабылданған. Алайда олардың басым бөлігі тек шағын және орта кәсіпке қатысты. Мәселен олар, табыс салығынан 6 айға босатылып, міндетті төлемдер 3 айға шегерілген. Енді ірі компания иелері де ай сайынғы аванстық аударымды кейінге қалдыруды сұрауда.

Сондай-ақ, Қосымша құн салығын төмендетіп, оны қайтару өлшемдерін қайта қарастыруды өтінді. Қазір оларға жеңілдетілген түрде 70 пайызы автоматты түрде берілсе, енді бұл көрсеткішті 90 пайызға жеткізу қажет деп отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу