Елдегі карантиндік шектеулер жеңілдетілді

770

Коронавирусты жұқтыру деректері күннен-күнге көбейіп жатқанына қарамастан, ведомствоаралық комиссия карантиндік шектеулерді біршама жеңілдетті. 

Елдегі карантиндік шектеулер жеңілдетілді

Енді "Жасыл және сары аймақтағы" өңірлерде қоғамдық көлік қозғалысы түнгі 23:00-ге дейін ұзартылады. 21 қарашадан бастап клиенттерімен тікелей қарым-қатынас жасамайтын бизнес субъектілерінің жұмыс уақытына қатысты шектеулер алынып тасталады, деп хабарлайды Аtameken Business. Оның ішінде авто-экспресс, көлік жуу, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу станциялары, тігін шеберханалары, тұрмыстық техника, аяқ киім жөндеу, химиялық тазалау орталықтары бар. Сондай-ақ, 21 қарашаға дейін халықпен байланыс деңгейі төмен бизнес нысандарының қосымша тізімі жасақталады.

Елдегі барлық мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулылары шектеулер енгізілгенге дейін 3 күн бұрын қабылдануға тиіс. Бұл бизнеске жаңа шектеулерге алдын-ала дайындалуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу