Елдегі көмір қанша жылға жетеді

3756

Сондай-ақ энергетика министрлігі мұнай және газ туралы айтты. 

 Елдегі көмір қанша жылға жетеді

 Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді, деп хабарлайды LS . 

Ведомство ақпарына сәйкес, елде А+В+С1 катергориясына жататын 29,5 млрд тонна көмір бар. Бұдан басқа, С2 категориясына жататын 4,3 млрд тонна көмір бар.

"2018 жылы көмір өндіруші компаниялар 113,7 млн тонна көмір өндірген, бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,4%-ға көп. Қазіргі өндіру деңгейімен алып қарайтын болсақ, оның қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді", – деді энергетика министрлігі.

Сондай-ақ индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған жоспары бойынша 2019 жылы өндірілетін көмір көлемі 107,1 млн тонна.

Елдегі мұнай қоры 2,9 млрд тонна ( А+В+С1  категориялы), ал болжанып отырған шикізат көлемі 1,6 млрд тонна (С2  категориялы ).

Ал газ қоры 1,3 трлн текше метр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу