Елдегі компанияларды өз тауарымыз және өз қызметімізбен қамтамасыз ету мөлшері 40 пайыздан аспайды

577

Қазіргі геосаяси жағдайды ескеретін болсақ, біздің экономикамыз үшін импорттық өнімдерді өз өнімдерімізбен алмастырудың маңызы өте зор. 

Елдегі компанияларды өз тауарымыз және өз қызметімізбен қамтамасыз ету мөлшері 40 пайыздан аспайды

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың айтуына қарағанда, бүгінде мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлар мен жер қойнауын пайдаланып отырған компаниялардың елімізде шығатын тауарлар мен жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үлесі – 52%. Соның ішінде қазақстандық қамтудың нақты үлесі 40%-дан аспайды. 

Бұдан бөлек, өткен жылы импорт шамамен 8%-ға өскен. Импорттың басым бөлігі қосылған құны жоғары өнімдер болса, экспорттың дені – негізінен өңделмеген өнімдер. 

"Бәсекеге қабілетті экономика құрамыз десек, біз осы бір үрдісті түбірімен өзгертуіміз керек. Бұл жерде нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету арқылы импортты алмастыру саясаты оң ықпал етуі тиіс", – деді Үкімет басшысы Әлихан Смайылов бүгінгі үкімет отырысында.

Оның айтуына қарағанда, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Импортты алмастырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы дайындалып жатыр. Бағдарлама аясында қазақстандық қамту үлесін 60%-ға дейін жеткізу жоспарланған.

"Ең бастысы, бұл жаңа өндірістердің дамуына серпін беріп, 116 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.  Сондай-ақ ірі инвестициялық жобаларды іске асыратын компаниялардың айналасында шағын және орта кәсіпорындардың белдеуі құрылып, олар өндірістің дамуына мультипликативтік әсер береді. Бұл өз кезегінде, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді.  Импорттың орнын алмастыру үшін шығарылатын өнім бәсекеге қабілетті және сапасы жоғары болуы тиіс", – дейді премьер-министр 

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу