Елдегі компаниялардың 2023 жылы жұмыс орнын көбірек ашуға ниеті бар

609

Қазақстандағы компаниялардың 77 пайызының келесі жылы қызметкерлер штатын көбейтуге ниеті бар. Бұл туралы 10-31 тамызда жұмыс берушілер арасында сауалнама жүргізген HeadHunter Қазақстан компаниясы хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Елдегі компаниялардың 2023 жылы жұмыс орнын көбірек ашуға ниеті бар

Ал сауалнамаға қатысқан компаниялардың 15 пайызы нақты шешім қабылдаған жоқ. Ал сегіз пайызының жұмыскерлер санын көбейту туралы жоспары жоқ.

Штатты кеңейтуге дайын адамдардың ең жоғары үлесі бөлшек сауда, медицина және фармацевтика, құрылыс және жылжымайтын мүлік саласындағы компаниялар арасында.

Оның ішінде сату бөлімі (38%), өндіріс (15%) және маркетинг (4%) бөлімдері алдыңғы орында. Содан кейін ақпараттық технологиялар (3%) мен басқару бөлімі (3%) орналасқан. Яғни осы аталған бөлімдерге көбірек қызметкер алынуы мүмкін. 
Сауалнамаға қатысушылардың жалпы саны – 336. Оның ішінде 19 пайызы – бөлшек сауда, тоғыз пайызы – құрылыс, жылжымайтын мүлік, алты пайызы – ақпараттық технологиялар, бес пайызы – қаржы секторынан. Қалған саладағылардың үлес салмағы – төрттен 0,2 пайызға дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу