Елдегі құрылыс саласында 637,5 мың адам жұмыс істейді

781

Осыған дейін құрылыс саласын цифрландыру туралы жазған болатынбыз.

Елдегі құрылыс саласында 637,5 мың адам жұмыс істейді Фото: inbusiness.kz

Құрылыс саласы – ел экономикасының қозғаушы күші. Биыл да аталмыш сектор көлемінің өсу қарқыны байқалады. Мысалы, 2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ЖІӨ бір жылда 3,6%-ға ұлғайса, құрылыс саласындағы өсім 9,2%-ға жеткен. Бұл сала ақпарат және байланыс саласымен қатар көш бастап тұр (+12,6%), деп жазады inbusiness.kz  finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде құрылыс саласы елдің ЖІӨ-нің 5%-ын "таза" құрап отыр. Ол өңдеу өнеркәсібі, машина жасау мен құрылыс материалдарын өндіру, сауда, көліктік-логистикалық сала және басқа да салаларды ынталандырады.

Бұдан бөлек ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына да айтарлықтай үлес қосып келеді. Секторда 637,5 мың адам жұмыс істейді. Құрылыс саласы сауда, агроөнеркәсіптік кешен және білім беру салалары сияқты жұмыс беруші ретінде көш бастап тұр. Құрылыста жұмыспен қамтылғандар саны елдегі барлық жұмыспен қамтылғандардың 7,2%-ын құрайды. Ал нақты сектордағы (құрылыс, өнеркәсіп, АӨК, көлік және байланыс салалары кіреді) жұмыспен қамтылғандардың 17,4%-ы тиесілі. 

Сонымен қатар құрылыс саласы Қазақстандағы бизнес-белсенділікке де ықпал етіп отыр. Себебі бұл сектор компания саны бойынша елімізде алдыңғы орында тұр.

Осы жылдың тамыз айында құрылыста жұмыс істеген компаниялар саны 50,3 мың болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,2%-ға артық. Бұл елдегі барлық жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 13,3%-ын және нақты сектордағы барлық кәсіпорынның 41,9%-ын құрады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу