Жартыжылдық қорытындысы бойынша елдегі қылмыс деңгейі 12%-ға төмендеді, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз-қызметі.
Биылғы жылы прокурорлардың көмегімен 2 800 жұмыскердің құқықтары қорғалып, оларға 800 миллион теңге көлемінде жалақы төленді.
Электр-, және жылу тарифтері төмендетіліп, тұтынушылардың 30 миллиард теңге қаражатының орны толтырылды.
Мемлекетке пайдаланылмаған 11 мың жер учаскелері қайтарылған.
Ықпал ету шараларымен 52 адамды негізсіз қудалау тоқтатылды. 414 заңсыз ұсталғандар қызметтік жайлар мен изоляторлардан босатылды.
Қауіпті емес, оның ішінде экономикалық қылмыстарды қылмыс деп танымау және балама жазаларды енгізу, жазалау практикасын төмендетілді.
Сотталғандардың төрттен бір бөлігіне ғана (13 622-нің 3 289-на) нақты бас бостандығынан айыру мерзімдері тағайындалды.
Бұл ретте, қылмыстық заңнаманы гуманизациялау қылмыс жағдайын нашарлатпады. Қылмыс деңгейі 12%-ға төмендеді.