Елдегі медициналық-әлеуметтік мекемелер жаппай тексеріледі

1023

Оған Аягөздегі  арнайы әлеуметтік көмек орталықтың төрт бірдей тәрбиеленушісінің көз жұмуы себеп болды.  

Елдегі медициналық-әлеуметтік мекемелер жаппай тексеріледі

Елдегі медициналық-әлеуметтік мекемелер жаппай тексеріледі, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазір ол жақта ведомствоаралық комиссия жұмыс істеп жатыр. Енді салаға жауапты  министрлік те республикадағы 113 медициналық және әлеуметтік мекеменің қызметіне жан-жақты талдау жасамақ. Ең алдымен мамандар тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының, сондай-ақ жүйке жүйесі аурулары бар балаларға  арналған 16 орталықтың қызметін, жалпы санаттағы қарттар мен мүгедектер үшін 45 әлеуметтік қызмет көрсету орталығын және 14 160 адам қамтылған 48 әлеуметтік қызметтердің психоневрологиялық орталығын тексереді. Оның барысында медициналық және әлеуметтік қызметтерді көрсетуге және тәрбиеленушілердің мекемеде болуына қойылатын барлық талаптар назарға алынады. 

Айта кетейін, бүгінгі таңда Қазақстанда мүгедек балаларға арналған 20 мемлекеттік оңалту орталығы жұмыс істейді, онда 1,8 мыңнан астам бала тұрады. Сонымен қатар, жалпы, 24 мыңнан астам адам әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында тұрады. Бұл мекемелер жергілікті атқарушы органдардың қарамағында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу