Елдегі мектептердің бейнебақылау жүйелеріне ЖИ енгізіліп жатыр

160

Жаңа жүйені үш облыстағы мектептерге енгізу басталды.

Елдегі мектептердің бейнебақылау жүйелеріне ЖИ енгізіліп жатыр Фото: ЖИ

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Құрылтайда өткен Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысының 2026 жылғы 12 мамырдағы Жарлығына сәйкес орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект кезең-кезеңімен енгізілуде. Жобаның мақсаты – қала мен ауыл арасындағы білім сапасы алшақтығын қысқартып, әр балаға жекелендірілген оқыту мүмкіндігін ұсыну. Алғашқы кезеңде 500 пилоттық мектеп қамтылып, 240 мың педагог оқытылды. 2028 жылы 2 600 шағын жинақты мектепті толық қамту көзделген", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министрдің сөзінше, білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелеріне жасанды интеллект элементтерін енгізу басталды. 

"Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан (44 мектеп), Ақмола (35), Қарағанды (10) облыстарының мектептерінде енгізіліп жатыр", – деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу