Елдегі оқушылардың 4%-ы ғана қала сыртындағы лагерьде демалады - сарапшылар

436

Жолдамаға ата-аналар орта есеппен 80-100 мың теңге жұмсауы тиіс.

Елдегі оқушылардың 4%-ы ғана қала сыртындағы лагерьде демалады - сарапшылар Фото: newsler.ru

Соңғы жылы Қазақстанда жұмыс істеп тұрған қала сыртындағы лагерьлер саны 7,6 пайызға қысқарған. Туристік лагерьлер саны 236-дан 218-ге дейін азайды. Уақытша лагерьлер де қысқарған. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, осы жазда елде осындай 10,2 мыңға жуық ұйым жұмыс істейді, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Қала сыртындағы лагерьлер саны өңірлік тұрғыдан ерекшеленеді. ШҚО, БҚО, Алматы облысында осындай 19 орталық жұмыс істесе, басқаларында саусақпен санарлық екен. Мәселен, Маңғыстау облысында мұндай орталықтардың саны үшеу болса, Ұлытау облысында мүлдем жоқ.  

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, биыл 2,8 млн оқушы жазғы сауықтыру демалысымен қамтылады. Бұл былтырғыға қарағанда 200 мың адамға артық. Оның ішінде 2,6 млн бала мектеп жанындағы, профильдік, шатырлы лагерьлерде демалады. Қала сыртындағы демалыс орталықтарына 155 мың кәмелетке толмаған балалар ғана барады.

"Республикада 3,7 млн оқушы бар екенін ескерсек, жазғы демалыстың бір бөлігін лагерьлерде өткізу мүмкіндігіне мектеп жасындағы балалардың 4,2%-ында ғана ие", - дейді сарапшылар.

Ел бойынша балалардың жазғы туристік орындарда демалу бағасында да айырмашылық бар. Оған ауысым ұзақтығы, маусым (жаздың аяғында баға төмен болады), ұйымның мәртебесі секілді түрлі факторлар әсер етеді.  Порталдың жазуынша, өңірлердің стандартты туристік балалар орталықтарындағы орташа баға шамамен 80-100 мың теңге маңайында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу