Елдегі орташа жалақы – 244 мың теңге

1322

Биыл 670 мың қызметкердің жалақысы өскен.

Елдегі орташа жалақы – 244 мың теңге

2021 жылғы үшінші тоқсанда Қазақстандағы орташа жалақы 243,7 теңге болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министр әлеуметтік саладағы 670 мың қызметкердің жалақысы кезең-кезеңімен өскенін атап өтті: білім беруде – 25%, денсаулық сақтауда – 20-30%, әлеуметтік қамсыздандыруда – 50%.

"Биыл үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша халықтың номиналды табысы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,8%, ал нақты мәнде 3,6% өсті. Үшінші тоқсанда орташа жалақы 243,7 теңгеге жетті, бұл өткен жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 19% жоғары. Бұл ретте инфляцияны ескерсек, нақты мәнде жалақының өсуі – 8,8% болды", - деді Серік Шәпкенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу