Елдегі орташа жалақы мөлшері – 338 715 теңге

1640

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.  

Елдегі орташа жалақы мөлшері – 338 715 теңге Фото: egemen.kz

Өткен жылғы төртінші тоқсанда еліміз бойынша атаулы жалақының орташа мәні – 338715 теңге. 2021 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда өсім 22,9%-ды, нақты мәнде 2,8%-ды құрады, деп жазады inbusiness.kz.

Ал, жалақының медианалық мәні 204168 теңгені құрады.

Бюроның еңбек және өмір сүру деңгейі статистикасы департаментінің директоры Наталья Белоносованың сөзінше, IV тоқсандағы орташа жалақының өсуі жыл соңында берілетін сыйақылар мен мерекелік төлемдер есебінен жалақы қорының ұлғаюымен байланысты.

"Орташа жалақыны есептеу кезінде жалақы қоры жұмысшылар санына бөлінеді. Деректерді біз қызметкерлер саны және жалақы қоры бойынша бюроға есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардан келген мәліметтер негізінде аламыз. Деректер кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмай ұсынылғанын атап өту қажет", - деді ол.

Ақпаратқа сәйкес, 2021 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі құрылыс, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету, ақпарат және байланыс салаларында байқалған. Еңбекақының төмендеуі көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында тіркелді.

"Өңірлік бөліністе ең жоғары өсім Ұлытау облысында тіркелді (35,2%). Ең төменгі өсім Алматы облысында – 6,5%), - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу