Елдегі отын қоры өткен аптада 7 миллион баррельге өскен

796

Ал нарық 2,3 млн баррельге көбейеді деп күткен болатын.

Елдегі отын қоры өткен аптада 7 миллион баррельге өскен

Қазақстан валютасының долларға қатысты бағамының "ертеңгі күнге" жасалған есебі Қазақстан қор биржасының таңғы сессия қорытындысы бойынша бейсенбі күні 1,84 теңгеге нығайып, 377,71 теңге болды. 

Forex Club жалпы көлемі 38,9 млн доллар болған 91 келісім жасалды деп жазады.

Сауда көлемі өткен сауда қорытындысына қарағанда 29,9 млн долларға қысқарды. Ең аз келісім 377,5 теңге шамасында, ал ең жоғары келісім 378 теңге шамасында жасалды.

Теңге бағамы Қазақстан экономикасы биылғы жылдың қаңтар-наурызында 3,8%-ға өсті деген хабарлама негізінде өсіп отыр. Сонымен қатар жылдық инфляция 4,8%-ға төмендеп, негізгі капиталға салынған инвестициялар 7%-ға, өнеркәсіптік өндіріс 3,2%-ға өскен. Бұған қоса мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан теңгесінің өсуін ұстап тұр. Мұнай бағасы АҚШ-тағы мұнай қоры туралы апта сайынғы статистика шыққаннан кейін төмендеді.

Бұл мәліметтерге мән берер болсақ, елдегі отын қоры өткен аптада 7 млн баррельге өскен, ал нарық 2,3 млн баррельге көбейеді деп күткен болатын.

Мұнай котировкасының теңгеге деген қысымы алдағы уақытта шоғырланып, бір доллар 377-380 теңге шамасында саудаланатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу