Елдегі параның орташа көлемі төмендеген

940

Параның орташа көлемі 94 мыңнан 61 мыңға дейін азайыпты. Параның қай салада өршіп тұрғаны да анықталды. 

Елдегі параның орташа көлемі төмендеген

Қазақстанда берілетін параның орташа көлемі 94 мыңнан 61 мыңға дейін түсті. Дегенмен жемқорлықпен бетпе-бет келген кәсіпкерлер саны артпаса, азаяр емес.

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес ортада жүргізген зерттеуіне сәйкес, жемқорлық фактілері 45 пайыздан 57 пайызға жетіпті. Кәсіпкерлер  арасында жүргізілген сауалнама, сондай-ақ, параның қай салада тым көп екені де анықталған. Ең үлкен көрсеткішпен 17%-ды құрап, сумен қамту секторы тұрса, 14 пайызы - шаруа қожалықтарында, тағы - 14% жарнама мен типографиялық қызметте екен. 13% - жылжымайтын мүлік саласында тіркелсе, 12% - көлік және логистика секторында болған.

Ал жемқорлық етек жайған өңірлер көшін - Жамбыл мен Маңғыстау облыстары бастайды. Солтүстік Қазақстанда парақорлар аз екен. Тіркелген жағдайлардың 54 пайызында пара беруге мемлекеттік қызметкер түрткі болса, 41-інде кәсіпкердің өзі ұсыныпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу