Елдегі пойыздарда мыңнан астам әйел жолаушыға сыйлықтар табысталды

187

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында "Жолаушылар тасымалы" пойыздарында мерекелік құттықтау акциясы өтіп жатыр.    

Елдегі пойыздарда мыңнан астам әйел жолаушыға сыйлықтар табысталды Фото: rail-news.kz

Акция аясында мыңнан астам әйел жолаушыға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Таңертеңнен бастап еліміздің әртүрлі бағыттарында қатынайтын пойыздарда жолсеріктер әйел жолаушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, гүлдер мен шағын сыйлықтар ұсынып келеді. Көптеген жолаушылар үшін мұндай ықылас күтпеген жағымды тосынсыйға айналып, шынайы қуаныш пен алғысқа себеп болуда.

Сондай-ақ бірқатар пойыздарда мерекеге орай арнайы тақырыптық безендірулер жасалып, жол үстінде ерекше көктемгі атмосфера қалыптастырылған", – делінген хабарламада.

Ұлттық тасымалдаушы мен Kaztechnology компаниясы бірлесіп ұйымдастырған бұл құттықтау акциясы соңғы жылдары жақсы дәстүрге айналды. Оның мақсаты – сапар барысында әйел жолаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік атмосфера қалыптастыру.

Айта кетейік, жыл сайын "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарымен шамамен 13 миллион жолаушы сапар шегеді. Олардың жартысынан астамын әйелдер құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу