Елдегі спорттық нысандар тоза бастаған

1016

Оның пікірінше, бұл ғимараттарды жөндеу үшін қаражат керек.

Елдегі спорттық нысандар тоза бастаған

"Алатау" шаңғы және биатлон кешені мен "Сарыарқа" республикалық велотрегі тоза бастады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Республикалық ұйымдардың техникалық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде емес. Біз оны мойындауымыз керек. Менің оған көзім жетті. Сіздер барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарды, бірінші кезекте республикалық нысандарды аралайтынымызды білесіздер. Басты мақсатымыз барлық мәселені толық көру", – деді министр Дене шынықтыру және спорт саласының кеңейтілген алқа отырысында.

Сондай-ақ Дәурен Абаев елдегі спорттық нысандар тоза бастағанын атап өтті.

"Велотрек (елордадағы "Сарыарқа" велотрегі – автор) – керемет ғимарат. Біз оны салдық. Бірақ оған күрделі жөндеу қажет. Қазір онда жоғары деңгейдегі бірде-бір іс-шараны өткізе алмаймыз. Велотрек әлемдік стандартқа сай салынған. Алайда оның шатырынан су ағып жатыр. Онда біз қымбат іс-шараларды өткізе алмаймыз. Азия ойындары кезінде "Алатау" кешенін (Алматы облысы, "Алатау" шаңғы және биатлон кешені – автор) салдық. Керемет ғимарат. Бірақ қазір ол жартылай апаттық жағдайда тұр, онда жарықшақ бар. Кейбір қаражатты сол жаққа бағыттауға тура келеді", деді ведомство басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу