Елдегі су тасқыны салдарынан 5 адам қаза тапты

307

Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты. 

Елдегі су тасқыны салдарынан 5 адам қаза тапты Фото: ҚР ТЖМ

Көктемгі су тасқынынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Үйлер мен басқа да нысандарды су басып, дәл соның салдарынан азаматтардың қаза болу фактілері тіркелген жоқ. Бүгін БАҚ-та және әлеуметтік желілерде шыққан осы мәселеге қатысты жарияланымдар бойынша түсіндіріп өткім келеді. Жалпы, республика бойынша көктемгі су тасқыны барысында 5 өлім фактісі тіркелді. Атырау облысында — 4, Ақтөбе облысында — 1 факт. Олардың арасында кәмелетке толмаған балалар жоқ", — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның айтуынша, аталған фактінің барлығы қауіпсіздік талаптарының бұзылуына байланысты. Мәселен, біреуі өз бетінше өзенді жүзіп өтпек болған. Ал енді бірі су тасқынынын кейін, яғни эвакуациядан соң қауіпті аймаққа оралуға тырысқан. Барлық факті бойынша тексеру басталып, тергеу жүргізіліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу