Елдегі тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру бойынша 44 қылмыстық іс қозғалған

1026

Бүгінде 278 адам қамауда отыр.

Елдегі тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру бойынша 44 қылмыстық іс қозғалған

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу бойынша 44 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде ведомствоаралық жедел-тергеу тобы 4 бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр.

"Біріншіден, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу бойынша 44 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ақтөбе және Жамбыл облыстарында 9 ұйымдастырушы қамауға алынды", – деді Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысында. 

Бас прокурор олар тәртіпсіздіктерге, мемлекеттік және коммерциялық нысандарды бүлдіруге шақырды деген күдікке ілінгенін атап өтті.

"Тәртіпсіздіктерге қатысушыларға қатысты 15 қылмыстық іс қозғалды. Бұл істер бойынша 527 күдікті тергеліп жатыр. 278 адам қамауға алынды", – деді Бас прокурор.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу