Елдегі туристік компаниялардың табысы күрт өсті

541

Өткен жылдың үш тоқсанының қорытындысына сәйкес, отандық туристік операторлар мен агенттіктердің табысы 185,11 млрд теңгені құрады. Бұл пандемия шектеулері күшіне енбеген 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 5 есе артық, деп жазады inbusiness.kz DataHub Telegram арнасына сілтеме жасап. 

Елдегі туристік компаниялардың табысы күрт өсті

"Демалыс уақытына тұспа-тұс келетін үшінші тоқсан туризм үшін дәстүрлі түрде қолайлы маусым болып есептеледі. Бірақ та, биылғы маусымдағыдай 109,82 млрд теңге табыс бұдан бұрын тіркелмеген. Мысал ретінде айтар болсақ, 2021 жылы шілде-қыркүйек аралығында бұл көрсеткіш – 17,99 млрд теңге, 2020 жылы – 7,04 млрд теңге, 2019 жылы – 16 млрд теңге, 2018 жылы 11,32 млрд теңге болған. Бұдан бөлек 2022 жылдың екінші тоқсанындағы көрсеткіш те оған белгілі бір деңгейде ықпал етті (55,49 млрд теңге)", - делінген хабарламада.

Туристік компаниялар пандемиядан кейін өз жұмысын жылдам ретке келтіре алды. 2021 жылы бұрынғы табыстарына қол жеткізді. 

Сарапшылардың сөзінше, былтырғы туристік компаниялар табысының арту себебін нақты түсіндіру қиын.

"Туристік компаниялар мен операторлар табысының артуына бірқатар факторлар әсер етуі мүмкін. Оған ПТР-тестілер мен ковид паспорттарының күшін жою, туристік пакеттер құнын 30%-ға ұлғайту жатады. Десек те, қазақстандықтардың сатып алу қабілеті, сондай-ақ туристік ағындардың әлі де болса қалпына келмегенін ескеретін болсақ, осыншалық өсім болмауы керек еді", - деді аналитиктер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу