Елдегі урбанизацияны тоқтату мүмкін бе?

567

Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.  

Елдегі урбанизацияны тоқтату мүмкін бе? Фото: ortcom.kz

"Урбанизацияны мүлдем тоқтату деген түсінік жоқ. Бұл әлемде болып жатқан жағдай. Яғни, кез келген азаматтың болмысы сол – қай жерде дұрыс жағдай бар, әлеуметтік инфрақұрылым бар сол жаққа ұмтылады. Бұл заңдылық. Бүгінге дейін мемлекеттік жоспарлау саласында ауылдарды дамытуға жеке құжат арналмаған еді. Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы урбанизацияны тоқтатпайды. Бірақ белгілі бір деңгейде урбанизацияны тежеуге септігін тигізеді деп ойлаймыз", - деді вице-министр.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстанда урбанизация деңгейі 61,5%-ға жеткенін жазған болатынбыз. Бұл ретте ауыл тұрғындарының үлес салмағы төмендеп, 38,5%-ды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу