Елдегі вакцина алғандар саны қанша

1134

Вакцина алғандардың ең көбі Алматыда. 

Елдегі вакцина алғандар саны қанша

Қазақстанда 1 шілдедегі жағдай бойынша 3,4 миллионнан астам адам COVID-19-ға қарсы вакцина салдырды, 2 миллионнан астамы толық вакцинацияланды, деп хабарлайды  inbusiness.kz  Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"І компонент 3 миллион 413 мың 684 адамға, II компонент - 2 миллион 039 мың 622 адамға вакцина егілді", – делінген хабарламада.

Вакцина алғандардың ең көбі Алматыда (II компонентпен вакцинацияланған 302 мың 257 адам), ең азы Маңғыстау облысында (34 мың 703).

 Елімізде вакцинация 1 ақпанда басталды. Қазіргі уақытта  қазақстандықтарға вакцинаның төрт препараты қолжетімді. Олар –  ресейлік Sputnik V, отандық QazVac, Хаят-Вакс (Біріккен Араб Әмірліктерінде шығарылған Синофарм, Қытай) және CoronaVac (Синовак, Қытай).

Пандемия басталғаннан бері елде COVID-19-дың 425 573 жағдайы расталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу