Елдегі жайылым тапшылығы 29 млн гектардан асты

1049

Қазақстанда жайылым жетіспейді. Сенатор Ольга Булавкина осылай деп дабыл қақты. Депутат шалғайдағы жайлаулар инфрақұрылымның жоқтығынан қараусыз қалып жатқанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елдегі жайылым тапшылығы 29 млн гектардан асты

"Ел бойынша жайылым тапшылығы 29 млн гектардан асты. Салдарынан  фермерлердің жұмысы ақсап жатыр. Бұрыннан қолданыста болған жайылымдарға қайта-қайта мал жая бергендіктен кейбір жайылымдық жерлер тақырға айналған. Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарып алу жөніндегі билік тарапынан атқарылып жатқан жұмыс жағдайды жақсарта қойған жоқ. Бұл рәсім 2 жыл немесе одан да көп уақытты алады. Шын мәнінде, соңғы 3 жылда бұл ереже жұмыс істеген жоқ", – деді депутат. 

Ольга Булавкинаның баяндауынша, Cенатта "Жайылымды пайдалану мәселелері туралы" заңды жетілдіру жұмысы жүріп жатыр. 

"Жайылым тапшылығы мәселесін шешу үшін заң қабылдау қажет", – деді сенатор. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу