Айгүл Соловьева: Елдегі жемқорлық қаңтар оқиғасына себеп болды

1126

Биыл елдегі тәртіпсіздіктер кезінде 227 адам қаза тауып, 4 578 адам зардап шекті.

Айгүл Соловьева: Елдегі жемқорлық қаңтар оқиғасына себеп болды

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық қаңтар оқиғасына себеп болды. Бұл туралы "Қазақстанның экологиялық ұйымы қауымдастығы" ЗТБ басқарма төрайымы Айгүл Соловьева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

"...Сыбайлас жемқорлыққа қаңтар оқиғасына себеп болды. Өйткені сенімсіздік, байлар мен кедейлердік арасындағы әлеуметтік алшақтық сынды мәселелерге көңілі толмаған адамдар алаңға шықты. Білім беру саласына мән беру керек шығар. Бірақ елдегі сыбайлас жемқорлық жағдайды ушықтырып отыр. Жемқорлық трансшекаралық сипатқа ие. Оның салдарынан әлем елдері 2 трлн доллар немесе ЖІӨ-нің 2-13%-нан айырылып отыр. Сондықтын бұл жағымсыз бәлемен жүйелі түрде күресу керек", – деді басқарма төрайымы ОҚК-де өткен іс-шарада. 

Оның айтуынша, Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша Ыстанбұл іс-қимылдар жоспары бар. Осы құжат шеңберінде жұмыс істеу керек.

"...Елімізде азаматтық қоғам әлсіз. Олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте үлесі аз. Себебі елімізде жемқорлыққа қатысты көптеген қылмыстық іс болды, көптеген адам ұсталды... Қаңтар оқиғасы болды. Олардың басым бөлігі біреулер заңдағы олқылықтарды пайдаланып, оны өз мақтасына пайдаланғанына көңілі толмады", – деді Айгүл Соловьева.

Басқарма төрайымының пікірінше, мұндайға жол бермес үшін халықаралық сарапшылардың пікірі мен кеңесін ескеріп, жемқорлықпен жүйелі түрде күресу керек.

Айта кетейік, Қазақстанда қаңтар оқиғасы кезінде 227 адам қаза тауып, 4 578 адам зардап шеккен.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу