Елдегі жол апаттарының басты себептері белгілі болды

136

Жол апатының негізгі факторлары да аталды. 

Елдегі жол апаттарының басты себептері белгілі болды Фото: pixabay

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев республикалық жолдарда көлік оқиғалары осы жылы азайғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары 10%-ға, қаза болғандар саны 14%-ға, зардап шеккендер 11%-ға  төмендеді.

Министрдің сөзінше, апаттың негізгі себебі – жүргізушілердің ережені сақтамауы. 

Жол апатының негізгі факторлары:
– 35% – жылдамдықты асыру;
– 12% – арақашықтықты сақтамау;
– 11% – көлікті басқара алмау;
– 8% – қарсы жолға шығу.

Нұрлан Сауранбаев осы факторларды төмендету үшін жолдағы тәртіпті күшейту және жүргізушілердің дайындығын бақылауда ұстау керек деп отыр.

"Көлік министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, жол апатын болдырмау үшін бірқатар жұмыстар жасауда. Біріншіден, жылдамдықты асыру – апаттың негізгі себебі. Орташа жылдамдыққа ерекше көңіл бөлінуде. Қазір бұл жоба 2,8 мың шақырым ақылы жолдарда жұмыс істеп тұр. Соның арқасында апат саны 10%-ға азайды. Бұл жобаны бүкіл республикалық және жергілікті жолдарға енгізуге кірістік", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу