Елдегі жүк тасымалы айтарлықтай артты

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.  

Елдегі жүк тасымалы айтарлықтай артты Фото: rail-news.kz

Биылғы 9 айда барлық көлік түрі арқылы жүк пен багаж тасымалдаудан түскен кіріс 3,7 миллиард теңгені құраған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ал 2025 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстанда жүк тасымалының көлемі 753 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8% артқан.

Өңірлік тұрғыда дәл осы кезеңмен салыстырғанда жүк айналымының өсімі Астана (15,2%) мен Алматы қалаларында (1,5%), Атырау (47,8%), сондай-ақ Жетісу (41,1%) және Абай (30%) облыстарында белгілі болған.

Көлік түрлері бойынша ең үлкен жүк тасымалы теміржол көлігіне тиесілі, ол – 300,3 млн тонна, бұл 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 11,4%-ға көп.

Тиісінше, автомобиль көлігімен тасымал көлемі де 1,8%-ға өсті. Қомақты өсім құбыр арқылы тасымалдауда да байқалды (228,1 млн тонна), бұл өткен жылдың деңгейінен 16,5% жоғары.

Әуе көлігі арқылы 19,1 мың тонна жүк тасымалданған, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5% артық. Теңіз және жағалау көлігі де өсім көрсетіп отыр. Ол – 30,6%, 2025 жылдың 8 айында 2 485,5 мың тонна жүк тасымалданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу