Елдегі жылдық инфляция – 8,7%

497

2020 жылғы желтоқсанда көрсеткіш 7,5% болған. 

Елдегі жылдық инфляция – 8,7%

Қазақстандағы жылдық инфляция 8,7% деңгейінде, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ұлттық банкке сілтеме жасап. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биыл тамызда инфляция 0,5% (2020 жылғы тамызда – 0,1%) болды. Жылдық инфляция 8,7% деңгейінде қалыптасты. 

"Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 11,4%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 7,3%-ға, ақылы қызметтер 6,6%-ға өсті", – деп жазылған хабарламада.

2021 жылғы тамыз халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес бір жылдан соң инфляция 8,8% деңгейінде болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу