Елдегі жылу беру мәселесін шешу үшін Үкіметке қанша жыл керек? – Роман Скляр жауабы

429

Жоспар бойынша жылу жүйелеріндегі қордаланған мәселелер 2029 жылға дейін шешілуі тиіс. 

Елдегі жылу беру мәселесін шешу үшін Үкіметке қанша жыл керек? – Роман Скляр жауабы Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет отырсынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер жауапты шенеуніктерден "Қазақстанда жылу беру мәселесін шешу үшін Үкіметке қанша жыл керек?" деп сұрады. Ақтау, Риддер, Степногорск, Көкшетау, Екібастұз, Балқаш.

"Бұл қалалардың бәрінде қысқы мезгілге дайындық бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп, қажетті жөндеумен қамтамасыз етілді. Десек те, статистикаға сүйенетін болсақ, суық басталған кезде әдетте апаттар, технологиялық бұзушылықтар болып жатады. Бұл жағдайда апат болған жоқ, технологиялық ақаулар болды", - деп түсіндірді Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың сөзінше, биыл жылу орталықтарын жаңғыртуға және күрделі жөндеуден өткізуге қажетті қаражаттың толық көлемі бөлінді. Соның ішінде ЖЭО иелері, жоспарлы түрде республикалық, жергілікті бюджеттер тарапынан, Үкіметтің резервінен бөлінген.

"Инвестициялардың орнына тариф" бағдарламасы осыған дейін өзінің тиімділігін көрсетті. Бағдарлама 2009-2016 жылдар аралығында жұмыс істеді. Иә, кейбір бұзушылықтар да болды. Биыл іске қосқан "Инвестициялардың орнына тариф" бағдарламасы оң ықпал беруі тиіс", - деді Роман Скляр.

Сонымен қатар, журналистер Премьер-Министрдің бірінші орынбасарынан "Алда қыстың 2 айы бар. Аталмыш өңірлер жылусыз қалмайтынына кепілдік бере аласыз ба?" деп нақтылады.

"Жеке өзім кепілдік бере аламын", - деп қосты Скляр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу