Елден ақша ұрлап, Франция банктеріне тыққандардың мүлкі тәркіленеді

510

Қазақстан бұдан былай қылмыстық жолмен ақша жымқырған ел азаматтарының Франциядағы мүлкін тәркілеп тінту жүргізе алады. Банктерде жасырынған шоттарды да анықтайды. 

Елден ақша ұрлап, Франция банктеріне тыққандардың мүлкі тәркіленеді

Бүгін Сенат қылмыстық істер бойынша екі ел арасында өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялады. Бұл құжаттың көмегімен қос тарап бір-біріне қылмыстық іске күдіктілерді ұстап беруге, куәгер мен сарапшыдан да жауап алу сияқты тергеу амалдарына қажетті ақпараттар алмасады.

"Мысалы, Францияда тінту жүргізу қажет болғанда, біздің құқық қорғау органдары сұрау жолдайды. Францияның тергеу органы өзінің ұлттық заңнамасының негізінде тінту жүргізіп, соның нәтижесін бізге хабарлайды. Дәл осындай тәртіпте Франциядан келіп түскен өтінімді еліміздегі тергеу органдары орындайды", дейді ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу