Елден қашқан Асқар Ақаев Қырғызстан парламентінен экс-президент мәртебесін қайтаруды сұрайды

313

Шолпон Сұлтанбекованың айтуынша, Ақаевтан хат бүгін, 5 қыркүйекте келіп түскен.

Елден қашқан Асқар Ақаев Қырғызстан парламентінен экс-президент мәртебесін қайтаруды сұрайды Фото: img3.eadaily.com

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев өзінің бұрынғы президент мәртебесін қалпына келтіруді сұрап, Қырғызстан Парламентіне хат жолдады. Бұл туралы Қырғыз Заң шығарушы органына сілтеме жасай отырып 24.kg агенттігі хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Мәселе бірден күн тәртібіне енгізілмейді. Алдымен фракциялармен, олардың басшыларымен және депутаттарымен келіссөздер жүргізілетін болады. Содан кейін ғана біз бұл мәселе күн тәртібіне қашан енгізілетінін хабарлаймыз", — деді ол.

Асқар Ақаев 1990 жылдан 2005 жылға дейін Қырғызстан президенті болды. 2005 жылы 24 наурызда республикадағы "Қызғалдақ төңкерісі" нәтижесінде ол тақтан тайдырылып, Ресейге қашып кетті, әлі күнге дейін сонда тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу