Елден қашқан Шри-Ланканың экс-президентіне Сингапур пана береді

611

Ол 12 шілдеде отставкаға кету туралы өтінішке қол қойды.

Елден қашқан Шри-Ланканың экс-президентіне Сингапур пана береді

Қызметінен кеткен Шри-Ланканың экс-президенті Готабая Раджапаксаға Сингапур пана беретін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Ол 12 шілдеде отставкаға кету туралы өтінішке қол қойып, елден кеткен болатын.

Еске сала кетсек, 9 шілдеде елді үкіметке қарсы ауқымды наразылық шаралары шарпыды. Ереуілшілер Шри-Ланка билігінің ресми түрде отставкаға кетуін талап етуде. Жүздеген демонстрант баррикадалардан өтіп, экс-президент Готабая Раджапакстың резиденциясы мен кеңсесіне баса-көктеп кірген болатын.

Сәуір айында Шри-Ланка экономикалық дағдарысқа тап болды. Коронавирустық пандемия салдарынан елге келетін туристердің саны азайып, шетел валютасының тапшылығы орнады. Шри-Ланка отынды сатып алу үшін төлем жүргізе алмай қалды. Сондай-ақ қажетті тауарларды импорттау үшін валютасы таусылғаннан кейін, 51 миллиард долларлық сыртқы қарыз бойынша дефолт жариялаған еді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу