Елден қашқаны үшін сотталып жатқан Серік Күдебаев процессуалдық келісім жасағысы келеді

346

Осыған байланысты сот істі қарауды бір аптадан кейін, 18 шілдеде жалғастырады.

Елден қашқаны үшін сотталып жатқан Серік Күдебаев процессуалдық келісім жасағысы келеді Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтті деп айыпталып жатқан Серік Күдебаев құқық қорғау органдарымен процессуалдық келісімге келмек, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы облысының Кеген аудандық соты хабарлады.

Осыған байланысты сот істі қарауды бір аптадан кейін, 18 шілдеде жалғастырады.

Осы уақыт ішінде сотталушы мен оның қорғаушысы процессуалдық келісімнің жай-жапсарын талқылайды.

Естеріңізге сала кетейік, Серік Күдебаев 28 сәуір күні 10 жылға сотталған. Оған лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылды.

Ал, 27 сәуірде Серік Күдебаев Түркияда ұсталып, елге жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу