Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 9,7%-ға артық. Тек маусымда шетелге рекордтық сома – 104,4 млрд теңге жіберілді, деп жазады inbusiness.kz порталы ranking.kz сайтына сілтеме беріп.
Қаңтар-маусым аралығында шетелге жіберілген ақша аударымдарының жартысы Өзбекстан (130 млрд тг) және Түркияға (118,5 млрд тг) кеткен. Содан кейін Ресей (86,2 млрд тг), Қырғызстан (55,2 млрд тг) және Грузияға (39,9 млрд тг) да айтарлықтай көлемде аударылған.
Ақша көлемінің 76,8% "Золотая корона" жүйесімен аударылған. Одан кейін Contact пен Western Union жүйесі тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу