Елден сиыр мен қой әкетуге уақытша тыйым салынуы мүмкін

186

Бұйрық жобасы жария талқылауға ұсынылды. 

Елден сиыр мен қой әкетуге уақытша тыйым салынуы мүмкін Фото: Сергей Буянов

Қазақстанда сиыр мен қой экспортына жарты жылға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102) және ұсақ малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0104) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", – делінген Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің бірлескен бұйрығында.

Құжатқа берілген түсіндірме жазбада көрсетілгендей, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елде 7 842,6 мың бас ірі қара мал бар.

"Көршілес елдердегі ірі қара мал және ұсақ мал басына жоғары сұраныс байқалады. Бұл малды шетелге үлкен көлемде әкетуді ынталандырады, бұл мемлекеттің өз мал шаруашылығын дамыту және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі барлық күш-жігерін жоққа шығаруы мүмкін. Республикадан ірі қара мен ұсақ малдың аналық басын әкетуге тыйым салуды сақтау және ұзарту орынды деп санаймыз", – делінген түсіндірме жазбада.

Бірлескен бұйрықты жария талқылау "Ашық НҚА" порталында 20 наурызға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу