Елден заңсыз ақша шығарудың жасырын схемасы әлі жұмыс істеп тұр – депутат

915

Сөзінше, елде мұнай саласында жұмыс істеп жатқан шетелдік компанияларда күмән тудыратын мердігер фирмалар қаптап кеткен.

Елден заңсыз ақша шығарудың жасырын схемасы әлі жұмыс істеп тұр – депутат Фото: Ашық дереккөзден

"Шетел асқан заңсыз активтерді қайтаруды Атырау облысынан бастау керек". Бүгін Абзал Құспан Бас прокурорға жолдаған депутаттық сауалында осылай деді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Сөзінше, елде мұнай саласында жұмыс істеп жатқан шетелдік компанияларда күмән тудыратын мердігер фирмалар қаптап кеткен. Бейресми мәлімет бойынша, олардың саны мыңнан асып жығылатын көрінеді. Ал олар Теңізшевройл сияқты алпауыттардан ірі тапсырыстар алып, оның аз ғана бөлігін қазақстандық компанияларға бөліп, қалған қомақтысын шетелге заңсыз шығарып жатыр, - дейді. Сондай-ақ, 30 жыл бойы түрлі жемқорлық жолмен елден ақша шығарудың жасырын схемалары әлі де жұмыс жасап тұрғанын айтады.

"Менің қолымда ТШО-ның мердігер компаниясы Сенімді құрылыс ЖШС қатысты материалдар бар. Аталған серіктестіктің аты қазақша болғанымен, заты шетелдік. + Ол мердігерлерді ішінара өзі атқарғанымен, негізгі жұмыстарды қазақстандық суб мердігерлерге тапсырады. Екіортадағы делдалдық қызметі үшін табыстың басым бөлігін өзіне алып қалады. Нәтижесінде қарапайым компаниялар банкротқа ұшырап, мыңдаған қақастандық жұмысшылар табысынан айырылып, жұмыссыз қалуда", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан.

Елге заңсыз шығарылған 760 млрд теңге қайтарылды

Қолына бірнеше дәлелдеме құжатын ұстаған депутат, прокуратура аталған компанияларға тексеріс жүргізу керек,- дейді. Еске салсақ, шетелге кеткен ақшаны елге қайтарумен айналысқан комиссия мүшелері 1 жыл 4 ай өткеннен кейін ғана алғашқы қорытынды есебін берген. Сонымен әупірімдеп жүріп, мемлекетке 760 млрд теңге қаражатты қайтарған. 575 млн доллары шетелден әкелінді. Сол кезде Бас прокуратура бұл шаруа оңай болмады деген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу