Елден заңсыз шығарылған қаржы 100 млрд доллардан асуы мүмкін

972

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

Елден заңсыз шығарылған қаржы 100 млрд доллардан асуы мүмкін

Ведомство басшысының сөзінше шетелге шығарылған қаржының нақты сомасы бұл қай кезеңді алып отырғанымызға байланысты. 

"Бұл, негізінен, бірнеше ондаған млрд доллар. Міне, осыны айтып отырмыз. Тікелей шетел инвестициясын тартуды алатын болсақ, 30 жылдан астам уақыт ішінде 400 млдр доллардан аса сома тартылған.  Бұл жерде нақты соманы айту қиын, бірақ ол шамамен 100 мүмкін одан да көп млрд долларды құрайды", – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Спикер қаржыны Қазақстанға қайтарудың түрлі тетіктері қарастырылып жатқанын айтты.  Атап айтқанда, бұл салықтық және салықтық емес ынталандыру шаралары. 

"Біз салық мәселелерімен белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Бір жағынан, бұл одан әрі капиталды сыртқа шығарудың алдын алу. Мысалы, салықтық шаралардың бірі – инвесторлар төлемеген дивидендтік жеңілдікті алып тастаймыз, сәйкесінше олар бұл қаржыны сыртқа шығара алмайды. Сондай-ақ қайтарымды ынталандыру шаралары бар", деп түсіндірді Ұлттық экономика министрі. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу