"Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ": Берік Уәли Бесқарағайдағы өртті бақылауына алды

269

Өрт сөндірушілер тынбай жұмыс істеп жатыр.

"Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ": Берік Уәли Бесқарағайдағы өртті бақылауына алды Фото: Абай облысы әкімдігінен

Абай облысындағы Бесқарағай ауданына қарасты Қоянбай ауылының маңындағы өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Қазір өртті сөндіруге барлығы 353 адам, 130-ға жуық техника және 1 тікұшақ тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бесқарағайдағы өрт 4 сәуірде тұтанған болатын. Желдің екпінімен өрт "Семей орманы" табиғи резерватының Морозов филиалы аумағына таралған.

"Оқиға орнына дереу өрт сөндіру бөлімдері, арнайы техника мен орман шаруашылығы қызметкерлері жұмылдырылды. Өрт сөндіруге Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттері, "Семей орманы" мен "Ертіс орманы" мекемелерінің қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар атсалысып жатыр", – дейді Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта өрттің таралуы тоқтаған, жағдай тұрақтанып келеді. Мамандардың айтуынша, жаңбырлы ауа райы өртті сөндіруге қолайлы жағдай туғызған.

"Қазіргі уақытта ең бастысы, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Аймақтағы ахуал толық қадағаланып отыр", – делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу