Елді шулатқан араб жігіті Eli Daoud ағылшын тілінде қазақ халқынан кешірім сұрап видео жариялады. Төменде соның аудармасы.
Ассалаумағалейкум,әкімдік, Президент әкімдігі, қазақ достар және қазақ халқы! Мен, сіздерден, екі мәселе бойынша кешірім сұрап осы видеоны жіберіп отырмын. Біріншіден, фото үшін кешірім сұраймын. Мен ол суретте әріптестерімен бірге түстім, ешқандай жаман ойым болған жоқ. Ол суреттің ешқандай жаман мағынасы жоқ еді. Екіншіден, мен барша Қазақ халқынан кешірім сұраймын. Мен сіздердің араларыңызда екі жылдан бері өмір сүріп, жұмыс істеп келемін. Қазақстанда жұмыс істеген ұнайды, сіздер, тамаша адамсыздар. Өтінемін, мені кешіріңіздер!
Видео:
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу